Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Алғыс айту күніне арналған «Тәуелсіз елім, көрікті жерім» атты балалар суреті байқауының қорытындысы

2021 жылдың 1 наурыз күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өнер саласындағы әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Алғыс айту күніне арналған «Тәуелсіз елім, көрікті жерім» атты балалар суреті байқауының қорытындысы өткізілді.
Марапаттау рәсімі басталар алдында М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары. Г.В. Савенкова құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушылар мен олардың ата-аналарына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді, және барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының алғашқы көктем мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтады. Алғыс айту күніне арналған бейнеролик көрсетілді.
Байқауға 7-ден 16 жасқа дейін әр түрлі топтағы 35 бала қатысты.
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы атынан байқау нәтижесінде белсенді қатысқан үшін барлық мұғалімдер мен олардың балалары дипломдар мен сыйлықтарға ие боллды, сондай-ақ байқау жеңімпаздарына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді:
1 орын Марам Амира сурет «Қазақстан» жетекшісі Яковлева О.В.
2 орын Ибраева Ясмин сурет «Көктем аруы»жетекшісі Бабылова Р. К. Сатвалдинова Іңкәр сурет «Кең далам», жетекшісі Мажкенова Л.А.
3 орын Мажит Айлин сурет «Бақытты бұрыш» жетекшісі Ануфриева Н.С.
Попова Валерия «Орамал кию». Қыдырбай Нұрай «Науры»” жетекшісі Ягнюк О.В.
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер саласындағы әдебиеттер бөлімінен, байқауға белсенді қатысқаны үшін, барлық мұғалімдер мен олардың шәкіртеріне, және олардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз…

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *