Алғыс айту күні

2021 жылдың 1 наурызында М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің» қызметкерлері мен «Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің» меңгерушісі Ивахина Махабат Қайырбекқызы Көкшетау техникалық институтының «Тәрбие жұмысы бөлімінің» инспекторы Кейкубатова Гүлнәр Дүйсенқызымен бірге «Алғыс айту күніне» арнап ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара Көкшетау техникалық институтында өтті.
Ақпараттық сағатта тыңдармандарға Альжанова Марал Нұржанқызы «Тағдырлар тоғыстырған татулық» («Дружба, переплетенная судьбами») атты көрмені таныстырды. «Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің» библиографы Кайдарова Райхан Шарифуллаевна осы мерекенің тарихы туралы айтып берді.
Бұл іс-шараға Ақмола облыстық Әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Тариэль Гидаят-Оглы Мамедов шақырылды, ол өзінің Қазақстанда қалай және қандай тарихи жағдайда болғандығы туралы әңгімеледі, өміріндегі тағылымды оқиғалармен бөлісті, барлығын мерекемен құттықтады және өз сөзінде: «Мен адамдарды ешқашан ұлтына бөлмеймін. Мен Кеңестік шыңдалған адаммын, адамның шығу тегіне қарамастан бәрімен бірдей сөйлесе аламын. Мен үшін барлық жерлестер – қазақстандықтар. Әр түрлі этникалық топтардың өкілдері міндетті түрде бір-бірімен тоғысуы, өзара әрекеттесуі, бірге өмір сүруі керек. Бұл адамдарды байытады. Егер әзірбайжандар әзірбайжандармен ғана байланыс жасаса, біз өзімізді төмендетеміз, ал Қазақстан әлемдегі 100-ден астам ұлттың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін және қоғамдық-саяси өмірде тең құқықты мемлекет. Ең таңқаларлығы, Қазақстанда ешкім ұлттарға бөлінбейді, керісінше бір-бірін қабылдайды және бір-біріне нақты істерімен және әрекеттерімен баға береді. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының еңбегі. Бірлікті, татулық пен достықты көздің қарашығындай сақтайтін біздің Елбасының айналасына жиналып, мемлекетіміздің өркендеуіне арналған бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыстар атқаруында».
Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері «Алғыс айтамын» («Благодарю») марафонын өткізді. Әр курсант, сондай-ақ жиналғандар «Мен Аллаға алғыс айтамын», «Түн тыныштығын сақтайтын мамандарға алғысымды айтамын», «Мен ұстаздарыма алғыс айтамын» деген сияқты бір сөйлеммен ризашылықтарын білдірді.
Іс-шара соңында қатысушылар және КТИ курсанттарымен естелік суреттер түсірілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *