Әдебиеттерді жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасының әдебиеттерді жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің негізгі қызметі бойынша 2020 жылдың жылдық есебі туралы видеобейнені интернет-қолданушылардың назарына ұсынамыз.

2020 жылдың басында Ақмола облысының мемлекеттік кітапханалары жүйесінің саны 356 – ны құрады.

Облыстық кітапхана жетекші әдістемелік орталық ретінде кітапхана қорын үнемі толықтырумен айналысады.

Облыстық кітапханаға Қазақстанның жетекші баспаларынан кітаптар негізгі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша келеді: «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақтың мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және танымал ету және іске асырудың тиімділігін арттыру мұрағат ісі», «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерінің басылымдары» кіші бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жарлығымен бір атауға 270 дана кітап түседі.

 АОӘҒК мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған жаңа әдебиеттерді қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, барлық келіп түскен әдебиеттерді облыстың орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне таратады, кітаптардың жөнелтпе құжаттары дайындалады. Содан кейін әдебиеттер құжаттармен бірге облыстық кітапханаға тиесілі «Газель» жүк көлігімен аудандық кітапханаларға жеткізіледі. Жеткізу, аймақ кітапханаларда жеке жүк көлігінің болмауына байланысты қажет. Әдебиеттерді жеткізуден басқа, әдебиеттерді жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің кітапханашылары аудандық әріптестерімізге сол жерде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.

Аудандық ОКЖ директорлары мен  әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімдерінің қызметкерлері Ақмола облысының кітапханалар желісінің қалыпты жұмыс істеуіне өте қажетті әдістемелік көмек беріп және жан-жақты қолдау көрсеткендері үшін М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры мен шығармашылық ұжымына өз ризашылықтарын білдіреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *