«Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өтті

Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК Отбасы күніне орай 14-21 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өтті. Қазіргі кездегі карантиндік шараларға байланысты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, кітапхана іс-шараларын  оқырмандармен онлайн режимінде өткізуде. 14 қыркүйекттен Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК қоғамдық желілерде және кітапхана сайтында оқырман назарына аталмыш апталық  аясында ақпараттық, танымдық бейне материалдар ұсынылды. Сонымен қатар, «Менің отбасым» атты онлайн бейне-роликтер байқауы өткен болатын. Соның ішінде іріктеліп алынған , талантымен ерекшеленген оқушылардың бейне-роликтері кітапхана сайтында, қоғамдық желілерде берілді. 21 қыркүйек күні белсенді қатысқан оқырмандармен марапаттау рәсімін кітапхана шаңырағында өткізуді жөн көрдік. Жүлдегерлерді кітапханамыздың директор орынбасары, ақын Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов  марапаттап, игі тілектерін айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *