“IT-мектепке кітап сыйға тарту” науқаны

Көкшетау қаласының ІТ-мектебінде «ІТ-мектепке кітап сыйға тарту» науқаны жарияланған болатын. Аталмыш науқанды ақпараттық-библиографиялық бөлімі мерзімді басылымдар залымен бірігіп қолдады. Мектепке Қазақстан тарихы, әртүрлі білім саласынан сөздіктер және өлкетану сипатындағы кітаптар сыйға тартылды. М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана мектеппен тығыз байланыста, мектеп оқушыларына тақырыптық және ақпараттық сағаттар, бірге іс-шаралар өткізеді. Аталмыш науқан алдыңғы уақытта ынтымақтастықты біріктіреді. Мектеп әкімшілігі мен мектеп кітапханашылары атынан М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханаға үлкен алғыс білдірілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *