Әл-Фараби – 1150 жыл

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің «Ұлттық библиография» секторы дәстүрлі түрде мерейтой иелерінің библиографиялық көрсеткішін шығарады.
Кезекті библиографиялық көрсеткіш ұлы ғалым, энциклопедист, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған «Ұлы дала алыбы» Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ ибн Тархан әл-Фараби ат-Түркіге арналды.
Библиографиялық көрсеткіш негізгі екі бөлімнен тұрады: кіріспе және әдебиеттер тізімі.
Әдебиеттер тізіміне автордың кітаптары, ол туралы зерттеулер, мақалалар және орыс тіліндегі әдебиеттер кірді.
Библиографиялық көрсеткіш фарабитанушыларға, ұстаздарға, студенттерге, жалпы қалың оқырман қауымға арналған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *