Жамбыл Жабаев – 175 жаста!

Биыл ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ж. Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл. Ақынның осы мерейтойына арналып өткізілетін іс-шаралардың бастамасы, старты бүгін, яғни 26 ақпанда Республика бойынша жер-жерде, соның ішінде М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында да ZOOM платформасында ұйымдастырылды. Ақмола облысына қарасты аудандар онлайн байланысқа шықты.
Шара Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі С. Шыңғыстың орындауындағы «Төгейін жырды халқыма» атты Жамбылдың термесімен басталды.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. С. Жәмбек және Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Қ. Мырзабек Ж. Жабаев жайында ғылыми деректерге негізделген баяндамалар жасады.
Көкшетау техникалық институтының курсанттары С. Қазбеков, М. Темірбеков, Қ. Махамбет, Қ. Асылбектер ақынның «Жалғызбын деп жүрмесін», «Өсиет», «Қатар тусын күн мен ай», «Қайта келген жастық» атты өлеңдерін жатқа оқыса, Бұланды ауданының 12 жасар ұланы Н. Елешұлы Жамбыл атасына арнаған арнау жырын онлайн режимде жолдады.
Айтыскер ақын М. Қоңқаев дәстүрлі айтыс өнері жайында, Ж. Жабаевтың айтысқа қосқан үлесі жайында өз пікірін білдірді.
Көкшетау техникалық институтының курсанты Қ. Айбар Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйін орындады.
Сол сияқты шараға Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Дүйсенова қатысты.
Шара Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы А.Б. Сәбитованың сөзімен аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *