Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай

Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай
2021 жылғы 9 ақпанда М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» ақын М. Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» атты оқырмандар конференциясын өткізді. Шара Ақан Сері атындағы мәдениет колледжі студенттерінің ақиық ақынның шығармашылығына арнаған театрландырылған қойылымымен басталды. Одан соң ақын, жазушы, Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Е. Баят, Ақын, журналист, «Көкшетау» газетінің бас редакторы С.С. Жетпісқалиев, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен əдебиетінің жоғары санатты оқытушысы, педагогика және филология ғылымдарының магистрі Т.М. Жоламанова қатысып, ақынның шығармашылығы, поэзиясының ерекшеліктері жайында баяндамаларын оқыса, ақын, кітапхана директорының орынбасары Қ.Е. Оспанов, М. Тоқсанбай, С. Есжан сияқты ақындар, «Kokshe» телеарнасының редакторы Ұ. Зейнулкабиденов ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқып берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *