«Адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық кітапханалар жанында «Парасат жолы» – «Дорога добропорядочности» өңірлік орталықтарының ашылуы

3 ақпанда Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық кітапханалар жанындағы «Парасат жолы» – «Дорога добропорядочности» өңірлік орталықтарын ашу жөніндегі республикалық кеңеске ЗУМ платформасында онлайн форматта қосылды.

 Мақсаты: қоғамда парасаттылық идеологиясын ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және дін өкілдерімен бірлесіп ілгерілету.

Өңірлік іс-шара Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы А. Б. Сәбитованың және Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі департамент басшысының бірінші орынбасары А.Т. Бердалиннің қолдауымен өтті.

Кеңесте мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, сенаторлар кеңесінің мүшесі Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы сөз сөйлеп, Ақмола облысының қоғамдық және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қауіптердің бірі болып табылады, ал оның қоғамдағы көрінісі демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын елеулі түрде бұзуға алып келеді және елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстан Ұлттық кітапханасы, Қазақстанның облыстық кітапханалары

Республикалық кеңестің модераторы: «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Гумилев  атындағы ЕҰУ докторанты Бекзат Смағұлов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *