Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша оқыту семинары

5 қазан Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқарамасының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның коворкинг орталығында кітапхананың шығармашылық қызметкерлеріне арналған Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде құқықтық дәріс өтті. Бұл тақырып өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Іс-шараның спикерлері: Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Бекназарова Гүлмира Саматқызы және «Ақмола облысы өнеркәсіпкерлері мен кәсіпкерлерінің одағы» заңды тұлғалар бірлестігі президиумының төрағасы 3 санатты кәсіби медиатор – Әміржанов Асқар Сұлтанбекұлы, Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқарамасының әкімшіліктік-құқықтар жұмысы жөніндегі басшы Б.Б.Хабибуллов қатысты.
Кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан да, Ақмола облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқарамасы жанындағы мекемелерде осындай іс-шаралар жиі болып отырады. Бұл әрине басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасаудың бірден-бір дұрыс қадамдары. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Кітапханада тақырып бойынша көрме қойылды және шолу жасалды. Іс-шараны М.Жұмабаев атындағы кітапхананың директоры Т.К.Ибраев ашты. Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыста өткізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Бұндай іс-шаралар өңірдің барлық мәдени мекемелерінде өткізілетін болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *